Түркия мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жақсы деңгейде

Лукашенко Түркия мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастарды тереңдету бағытында көп нәрсеге қол жеткізгендерін айтты.

2035871
Түркия мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жақсы деңгейде

Беларусь президенті Александр Лукашенко Түркия мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастарды тереңдету бағытында көп нәрсеге қол жеткізгендерін айтты.

Беларусь Мемлекеттік “БЕЛТА" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Лукашенко Тәуелсіздік сарайында Түркияның Беларусьтегі өкілетті және төтенше елшісі Мұстафа Өзжанды қабылдады.

Кездесуде Беларусь пен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға баға берген Лукашенко: «Соңғы уақытта біз Беларусь пен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды тереңдету бағытында көп нәрсеге қол жеткіздік. Президент Режеп Тайып Ердоғанмен келісімімізге байланысты бірқатар шешілмеген мәселелер бар, бірақ бұл мәселелерді шешуге болады деп ойлаймын» деді.

Украина дағдарысы сияқты халықаралық қатынастардағы көптеген мәселелерде Беларусьтің Түркияға ұқсас көзқараста екенін атап көрсеткен Лукашенко «Беларусь те, Түркия да бұл қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтайды» деді.

Беларусь пен Түркия арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастарға тоқталған Лукашенко Ердоғанмен жылына 1,5 миллиард доллар сауда көлеміне жету үшін келіскендерін еске салды.

Лукашенко «Екі жыл ішінде жылдық сауда көлемі 1 миллиард доллардан асты. Біз осы деңгейге жетуіміз керек. Бұл үшін мүмкіндіктер бар» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар