Ердоған «Нөлдік қалдықтар» жобасының маңыздылығын түсіндірді

Ердоған G 20 саммитінде көшбасшыларға «Өмір сүруге жарамды әлем үшін Түркияның нөлдік қалдықтар бастамасы» кітабын табыс етті.

2035681
Ердоған «Нөлдік қалдықтар» жобасының маңыздылығын түсіндірді

Президент Режеп Тайып Ердоған Үндістанда өткен Үлкен жиырмалық елдері көшбасшылар саммитінде мемлекет басшылары мен көшбасшыларға Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы дайындаған «Өмір сүруге жарамды әлем үшін Түркияның нөлдік қалдықтар бастамасы» кітабын табыс етті.

Ердоған кітаптың кіріспесінде климаттың өзгеруі, биоәртүрліліктің жоғалуы және ластану деп аталатын «үштік планета дағдарысымен» күресте табысты болу үшін жаһандық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып: «Алайда халықаралық ынтымақ бірте-бірте жойылып, ынтымақтастықтың орнын эгоцентристік тәсілдер басып жатыр. Бүкіл адамзат, әсіресе Африка мен Азиядағы әлсіз елдер мұның құнын төлеуде. Дамыған елдермен салыстырғанда біздің елде климаттың өзгеруі және ластанумен байланысты мәселелер жоқтың қасы. Осыған қарамастан Түркия ретінде біз өз міндеттемелерімізді орындаймыз және әлеміміз бен адамзаттың ортақ болашағына қатысты осы маңызды мәселе бойынша жаһандық деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыстарды қолдаймыз» деді.

Түркияның 2053 жылға арналған таза нөлдік шығарындылар және жасыл даму мақсаттарымен «Париж Климат келісіміне» ең маңызды үлес қосқанына назар аударған Ердоған сөзін былай жалғастырды: «Біз нөлдік қалдықтардан жаңартылатын энергия жобаларына, ұлттық бақтардан орман активтерін ұлғайтуға, ағынды суларды тазартудан ауа сапасын өлшеуге дейін көптеген қосымшалармен таза және жасыл Түркияға ұмтыламыз. Жаңартылған энергия қуаты тұрғысынан біз Еуропада 5-ші және әлемде 12-ші орындамыз. Жұбайым Эмине Ердоғанның жетекшілігімен жүзеге асырылған «Нөлдік қалдықтар» жобасы бұл процесте бетбұрыс болды. «Әлем – біздің ортақ үйіміз» ұранымен жүзеге асырылған жобамыз бүкіл әлем тарапынан жоғары бағаланып, барлығы 5 халықаралық мадақтауға ие болды және оның 3-і Біріккен Ұлттар Ұйымының жүлдесін жеңіп алды» деп көрсетті.

Президент Ердоған Түркияның күш-жігерімен қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының 77/161 қарарымен «Нөлдік қалдықтар» жобасының жаһандық қозғалысқа айналғанын және осы шешіммен 30 наурыздың жыл сайын тойлананатын «Халықаралық нөлдік қалдықтар күні» деп жарияланғанын еске салды. 

 



Ұқсас жаңалықтар