5 террорист залалсыздандырылды

Бомбалы шабуыл жасауға дайындаған 5 террорист залалсыздандырылды.

2034727
5 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая Диярбакырда жасалған операцияда бомбалы шабуыл жасауға дайындаған 5 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Йерликаяның әлеуметтік медиа аккаунтында жарияланған хабарға қарағанда, Қауіпсіздік Бас дирекциясының координациясымен жүргізілген операция аясында Диярбакырда қолға түскен 5 террористтің бөлшектеуші террор ұйымы атынан бомбалы шабуыл әзірлеп жатқандары анықталды.

Террористтер паналаған жерлерде  жарылғыш заттар мен қарулар тәркіленді.

Министр Йерликая операцияны жүзеге асырған бөлімшелерді құттықтап, былай деді: «Азғантай болса да адамгершілігі жоқ сатқындарға ешқашан аямаймыз. Терроризм біткенше күресіміз жалғаса береді» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар