Ердоған "Елімізді энергетикалық базаға айналдырамыз" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейден оралғанда ұшақта маңызды мәлімдеме жасады.

2033379
Ердоған "Елімізді энергетикалық базаға айналдырамыз" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз елімізді энергетикалық базаға айналдырамыз және бұл үшін қажетті инфрақұрылым мен физикалық мүмкіндіктер береміз деп айтқан едік» деді.

Ердоған бір күндік жұмыс сапары аясында Ресейге барған. Ердоған Ресейден оралғанда ұшақта маңызды мәлімдеме жасады.

Президент Ердоған Ресей газының Түркия арқылы Еуропаға тасымалдануына қатысты:«Ресей президенті Владимир Путин мырзамен кездесуімізде біз энергетика саласын қолға алдық. Біз энергия өнімдерін Еуропа мен әлемге өз еліміз арқылы жеткізу үшін түрлі жобаларды жүзеге асыратын боламыз. Түркияда құрылатын табиғи газ орталығымен энергияны тасымалдауда да, баға белгілеуде де ілгерілеушілік болады. Біз елімізді энергетикалық базаға айналдырамыз, бұл үшін қажетті инфрақұрылым мен физикалық мүмкіндіктер береміз дедік. Соңғы жылдардағы инвестиция арқылы біз елімізді аймақ географиясы үшін маңызды табиғи газ базасына айналдырамыз. Түркияны аймақтың, одан кейін жаһандық энергияның орталығына айналдыру мақсатымызға қарай қадамдап келе жатырмыз» деді.

«Біз өзара сыйластық негізінде орнатқан институтаралық диалогтың игілігін екіжақты қарым-қатынастарымызда да, аймақтық және жаһандық деңгейде де көрдік» деген Ердоған  ең жақсы үлгісінің Қаратеңіз бастамасы екенін айтқан Ердоған «Бастаманы қайта жаңғырту - бүкіл әлем үшін өте маңызды мәселе. Біз бұл мәселе бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз байланыстамыз. Осы айда біз де Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесеміз  және бұл мәселелерді де талқылайтын боламыз. Сонымен қатар, Бас хатшы Гутерреш мырзаның күш-жігерін бағалайтынымызды және қолдайтынымызды тағы да айтқым келеді» деді.

Президент Сирияның Дейр-эз-Зор қаласында араб тайпалары мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік террористтер арасындағы қақтығысқа қатысты: «Дәл қазір болып жатқан нәрсе - араб тайпаларының бірлік пен ынтымақта өз жерлерін талап етудегі қозғалысы, қадамы. Осы орайда мен болып жатқан жайт маңызды деп есептеймін. Араб тайпалары бұл жерлердің нағыз иелері. Бұл жердің иелері террор ұйымдары емес. Араб тайпалары бас қосып, PKK/YPG-га қарсы тұрулары керек» деп көрсетті.

Сириямен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру процесіне қатысты Президент «Төрттік сыртқы істер министрлерінің кездесуінде терроризммен күрес, саяси үдеріс, пана іздеушілердің қауіпсіз, өз еркімен және лайықты түрде оралуы жан-жақты талқыланады. Осы тақырыптарда ілгерілеушілік байқалса, Сирия режимімен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар