Президент Ердоған Ресейде

Президент Ердоған Сочиде Путинмен оңаша бас қосты.

2032856
Президент Ердоған Ресейде

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің шақыруымен бір күндік жұмыс сапарымен Ресейге барды.

Президент Ердоған Сочиде Путинмен өзара келіссөздер өткізуде.

Кездесу алдында баспасөзге сөйлеген сөзінде президент Ердоған «Путинмен кездесуімізден кейін әлемге берілетін хабар, әсіресе дамымаған Африка елдеріне басылатын қадам өте маңызды болады» деді.

Ердоған «Қазіргі таңда Түркия мен Ресей арасындағы сыртқы сауда көлемі 62 миллиард долларды құрайды. 100 миллиард межеге қадам басып келе жатқанымызға өте қуаныштымыз» деді.

Ресей президенті Путин болса «Жақын арада Түркиямен бірге табиғи газ және басқа салаларда да маңызды қадамдар басатын боламыз» деді.

Путин «Біз Украина дағдарысын да талқылаймыз. Астық делізі келісімін де көтересіз, біз бұл келіссөздерге ашықпыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар