Ердоған 2023-2024 сот жылының ашылу салтанатында сөз сөйледі

Президент Ердоған «Түркия ғасыры» жобасының  Конституциямен нығая түсетінін айтты.

2032052
Ердоған 2023-2024 сот жылының ашылу салтанатында сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуымен түрік демократиясын жаңа Конституцияға қол жеткізу үшін бастамаларымызды қайта бастаймыз» деді.

Ердоған астана Анкарада 2023-2024 сот жылының ашылу салтанатында «Ұлтымызға уәде берген бірінші дәрежелі демократия, бірінші дәрежелі экономика және бірінші дәрежелі бостандықтардың толықтыруы бірінші дәрежелі Конституциямен жүзеге асады. Түркия ғасыры жобасы  осындай Конституциямен нығая түседі» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар