Ердоған: «Ұлтымызбен бірге мақсаттарға қарай ілгерілейміз»

Президенттік сарайда "30 тамыз Жеңіс күніне" арналған арнайы концерт өтті.

2031113
Ердоған: «Ұлтымызбен бірге мақсаттарға қарай ілгерілейміз»
30 Ağustos Zafer Bayramı Külliye.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайдағы «30 тамыз Жеңіс күніне арналған арнайы концерт пен 100 жылдық әнұранның тұсаукесеріне» қатысты.

Президент Ердоған «Аймағындағы дағдарыстардың шешуші күші, қауіпсіздігі мен әл-ауқаты тақырыптарында төнген қатерлерді жойған, күшін достарымен бөліскен Түркияның өрлеуі жалғасады» деді.

«Бүгін Түркия Республикасы ширек ғасыр, жарты ғасыр немесе бір ғасыр бұрынғыдан да саяси, экономикалық және әскери құралдарымен мықты, әрі ілгері» деген Ердоған «Дүниені оқитын, Түркияның шынайы әлеуетін білетін, қолында бардың маңыздылығын сезінген халқымызбен бірге алға қойған мақсатқа қадам басамыз» деді.

Екінші жағынан бағдарламада Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы 100 жылдық әнұран үшін жарияланған шығармашылық жарыста орын алғандар мен қазылар алқасы арнайы жүлдесіне лайық деп танылған шығармалардың иелеріне сыйлықтары президент Ердоған тарапынан табыс етілді.

Бірінші орынды иелеген Илкер Көмүрджүнің сөзіне жазылған және Президенттік симфониялық оркестрдің композициясымен марапатталған туынды үлкен қошеметке ие болды.

Шара аясында 1200 дронмен аспанға «30 тамыз Жеңіс күні» және «Түркия ғасыры» жазулары мен «Түркия картасы», «Түркия туы», «Республиканың 100 жылдығы логотипі» проекцияланды.



Ұқсас жаңалықтар