Түркия мешіт шабуылын айыптады

Түркия Кипр Понти әкімшілігінің Лимасол қаласындағы мешітке жасалған шабуылды қатаң айыптады.

2029553
Түркия мешіт шабуылын айыптады

ТР Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің (ОКПӘ) Лимассол қаласындағы Көпрүлү Хаджы Ибрахим аға мешітіне таңертең жасалған шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Сыртқы істер министрлігінің бұл мәселеге қатысты мәлімдемесін толық қолдаймыз» делінді.

Мәлімдемеде опасыз шабуылдың бұрын Кипр Понти әкімшілігінде әртүрлі мешіттерге қарсы жасалған шабуылдарға жаңасы болып қосылғаны аталып, «Еуропада артып келе жатқан ислам дұшпандығының соңғы үлгісі болып табылатын бұл шабуыл тек мұсылмандарды нысанаға алып қана қоймай, жалпы адамзаттық құндылықтарымызға төнген қатердің қаншалықты ауыр екенін тағы бір рет көрсетеді.

Екінші жағынан жоғарыда аталған шабуыл ортаға қойған жеккөрушілік пен төзімсіздік Кипр понти қоғамының кейбір бөліктерінің кипрлік мұсылман түріктермен бейбіт, тыныш және төзімділікпен бірге өмір сүру түсінігінен қаншалықты алыс екенін көрсетеді. Кипр түрік тарапының екі мемлекетті көзқарасының Кипр мәселесіне бағытталған жалғыз шынайы үлгісі екеніне тағы бір дәлел болды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар