Хакан Фидан Иракта баспасөз мәслихатын өткізді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Бағдаттағы байланыстарын жалғастырды.

2028051
Хакан Фидан Иракта баспасөз мәслихатын өткізді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ирактың достық пен бауырластық негізінде PKK-ны ресми түрде террор ұйымы ретінде мойындауын күткендерін атап көрсетті.

Министр Фидан Ирактың бас қаласы Бағдатта Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуден кейін Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Ирактық әріптесімен кездесуінде өзара карым-қатынастарды жан-жақты талқылағандарын атап көрсеткен Фидан бұлардың басында терроризммен күрестің келгенін білдірді.

PKK-ның Синжар, Махмур, Кандил және Сүлейманийемен қатар Ирактың көптеген ауылдарын басып алғанына тоқталған Фидан террор ұйымының Сирия мен Ирак арасындағы шекараларды елемеу арқылы құрған террор дәлізімен осы екі аймақты біріктіруді жоспарлағанына назар аударды.

Түркияның террормен күресте Иракпен бірге жұмыс істеуге дайын екенін атап көрсеткен министр Фидан «Ирактық бауырлар империялық күштердің құралына айналған PKK террор ұйымына қарсы күресін әр сатыда қолдаймыз. Сонымен қатар олардың (Ирак) достық пен бауырластық талабы ретінде PKK-ны ресми түрде «террор ұйымы» деп тануын күтеміз. PKK немесе ДАИШ аты қандай болса да, Ирактың аумақтық тұтастығы, саяси бірлігі мен ирактық бауырларымыздың тұрақтылығы мен әл-ауқатын нысанаға алған және адамзатқа қарсы кез-келген қылмыс жасаған лаңкестік ұйыммен күресте Иракпен бірге жұмыс істеуге дайынбыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар