Ердоған түрік мердігерлерін марапаттады

Президент Ердоған бас қала Анкарада мердігерлер қауымдастығының марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

2027847
Ердоған түрік мердігерлерін марапаттады

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік мердігерлерінің шетелде жүзеге асырған жобаларын көргенде мақтанатындарын білдірді.

Президент Ердоған бас қала Анкарада мердігерлер қауымдастығының марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

Шетелде табысқа жеткен компаниялар мен олардың өкілдерін құттықтаған Ердоған: «Әлемдегі үздік 250 халықаралық тізімнің 2022 жылғы қорытындысы жарияланды. Бүгін елімізден 42 компания осы тізімге енді. Тізімге енген компанияларымызды марапаттаймыз. Сонымен қатар, әлемнің ең ірі 225 техникалық кеңесшісінің тізіміне енген 6 компаниямыздың марапаттарын тапсырамыз» деді.

Ердоған жаһандық дағдарыстар бүкіл әлемді, соның ішінде дамыған елдерді шарпыған кезде түрік мердігерлік және кеңес беру компанияларының осыншама жоғары тізімде болуының үлкен жетістік екенін айтты.

«Біздің еліміздің барлық басқа салалардағы сияқты мердігерлік саладағы әлеуетінен әлдеқайда көп нәрсеге лайық екеніне күмәнім жоқ» деген Ердоған «Дамыған елдердің ескірген инфрақұрылымдарын жаңарту қажеттілігі күннен-күнге артып келеді. Түркияның соңғы жылдары жасаған инфрақұрылымдық қадамы біздің мердігерлерімізді жаһандық бәсекеде алға шығарды» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар