Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымына наразылық көрсетті

Президент Ердоған кеше елорда Анкарадағы Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинеті отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

2027489
Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымына наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бейбітшілік күштерінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының егемендігіндегі аймақтарға физикалық араласуын Түркияның  қабылдамайтынын айтты.

Президент Ердоған кеше елорда Анкарадағы Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинеті отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

Ердоған БҰҰ бітімгерлік күштерінің гуманитарлық қажеттіліктерді шешуге үлес қосатын «Пиле жолы» жобасына тосқауыл қою әрекетіне қатысты: «Өткен жұмада БҰҰ бітімгершілік күштері сарбаздарының Солтүстік Кипр Түрік Республикасының егемендігіндегі аумаққа физикалық араласуын біз қабылдамаймыз» деді.

Пиле ауылында тұратын кипрлік түріктердің туған жеріне жетуіне кедергі жасаудың заңды және гуманитарлық емес екенін түсіндірген  Ердоған: «Бейбітшілік күштері ауыл тұрғындарына физикалық араласуынан кейін  жасаған орынсыз мәлімдемелерімен де өзінің бейтараптығына нұқсан келтірді. Сонымен қатар абыройын айрандай төкті. Халықаралық құқықпен үйлеспейтін осы әрекеттердің кесірінен аймақтағы шиеленіс өкінішке орай қайтадан ушыға түсті. Біз көршілерімізбен қарым-қатынасымызды өзара нығайтуға және арамыздағы мәселелерді шешуге тырысып жатқан кезде жасалған бұл араласуды дұрыс деп қарамаймыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар