"Нигер халқының жанындамыз"

Президент Венгрия сапарынан қайтарда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2027316
"Нигер халқының жанындамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған әскери төңкеріс болған Нигерде қазірге дейін бір шешім табылмағанын атап көрсетті. «Біз де қазір Сыртқы істер министрімізбен бірге осындағы шешуші ролімізді қалай ойнайтынымызды қарастырып жатырмыз» деді ол.

Президент Венгрия сапарынан қайтарда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді. 26 шілде күні әскери төңкеріс болған Нигердегі оқиғаларға тоқталған президент Ердоған: «Нигерде қазірге дейін шешім табылмады.  Біз де қазір Сыртқы істер министрімізбен бірге осындағы шешуші ролімізді қалай ойнайтынымызды қарастырып жатырмыз. Нигерде бұйырса бір шешім болады.  Дос және бауырл Нигер елінің қысқа уақытта атазаңдық тәртіпке, демократиялық әкімшілікке қауышуын тілеймін» деді.

Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы ECOWAS-тың да Нигерге әскери операция жасау шешімін дұрыс деп есептемейтінін білдірген Ердоған «Осы шешімнен кейін Мали және Буркина Фасо да Нигерге осындай әскери операция жасалса,  өздеріне қарсы ашылған соғыс деп есептейтіндерін біддірді.  Нигерге жасалатын әскери операция тұрақсыздықтың Африканың көптеген еліне таралуы деген сөз» деді.

Ол ең қысқа уақытта Нигерде қоғамдық бейбітшілік пен тұрақтылық орнатылуын тіледі. «Нигер халқы демократиясын қорғап,  қысқа уақытта сайлау өткізеді деп ойлаймын. Дос және бауырлас Нигер халқының жанында боламыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар