Президент Ердоған Венгрияда

Коммуникация басқармасы президент Ердоғанның сапары туралы мәлімдеме жасады.

2026893
Президент Ердоған Венгрияда

Президент Режеп Тайып Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның шақыруымен Венгрияның Ұлттық күні мерекесі және Венгрияда өтетін жеңіл атлетикадан Әлем чемпионаты шараларына қатысу үшін Будапештке барды.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда, басшылардың кездесуі аясында екіжақты қарым-қатынастар талқыланып, аймақтық және жаһандық оқиғалар туралы пікір алмасылады.

Президент Ердоғанның мерекелік іс-шараларға қатысатын басқа әріптестерімен де өзара кездесуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар