Эмине Ердоған медицина конгресіне бейне үндеу жолдады

Эмине Ердоған Үндістанның халықаралық дәстүрлі медицинасы конгресіне бейне үндеу жолдады.

2026034
Эмине Ердоған медицина конгресіне бейне үндеу жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған мыңдаған жылдардың табиғи рецептерін уақыттың сынағынан өткен мұра ретінде болашақ ұрпаққа жеткізудің қасиетті парызы екенін атап көрсетті.

Эмине Ердоған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) тарапынан ұйымдастырылған Үндістанның халықаралық дәстүрлі медицинасы конгресіне (GETAT) бейне үндеу жолдады.

Эмине Эрдоған «Адамзаттың емдік тәжірибесін тек қана заманауи медицина таусылғанда ғана ең соңғы амал ретінде қабылдаудан бас тартудың өзі үлкен ағартушылық екені анық. Мыңдаған жылдардың табиғи табиғи рецептерін уақыттың сынағынан өткен мұра ретінде болашақ ұрпаққа жеткізу қасиетті парыз деп білемін» деді.

Әрбір өркениеттің емдеуге қатысты терең тәжірибесі мен табыс тарихы бар екеніне назар аударған Эмине Ердоған «Аурулар қалайша өмір сүрген географияға тән болса, сол климат пен топырақта өскен табиғи өнімдерден жоғалған емді табу оңайырақ болады. Сондықтан жергілікті данышпандарды тыңдау және олардың рецепттеріне сілтеме жасау шипа іздеуді қысқартуы мүмкін. Осы себептерге байланысты әртүрлі мәдениеттердің тәжірибесінен пайдалануды мақсат еткен дәстүрлі медицинасы конгресінің тиімді болатынына шын жүректен сенемін» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар