Түркия Пәкістанға көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігі кеше Пәкістанда болған пойыз апатында қаза тапқандарға көңіл айту жеделхатын жолдады.

2020922
Түркия Пәкістанға көңіл айтты

Түркия Пәкістандағы пойыз апатында қаза тапқандарға көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сыртқы істер министрлігі кеше Пәкістанда болған пойыз апатында қаза тапқандарға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Хабарламада Карачи-Равальпинди сапарын орындаған жолаушылар пойызының рельстен шығып кетуі салдарынан көптеген адамның қаза табуына өкініш білдіріліп, «Осы жантүршігерлік апат салдарынан қаза тапқандарға Алла рақым етін. Дос және бауырлас Пәкістан халқы мен үкіметіне, туыс-тамырларына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз» делінді.

Пәкістанның Навабшах қаласының маңында жолаушылар пойызының 10 вагонының рельстен шығып кетуі салдарынан 28 адам қаза тауып, 50-і жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар