Халықаралық инвесторлармен кездеседі

Шимшек форумда халықаралық инвесторларға түрік экономикасы туралы баяндама жасайды.

2019873
Халықаралық инвесторлармен кездеседі

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек ертең өтетін Түрік экономикалық форумы аясында халықаралық инвесторлармен кездеседі.

Министр Шимшек Американың «JP Morgan» инвестициялық банкі ұйымдастырған 50-ге жуық инвестордың қатысуымен ертең Стамбулда өтетін Түрік экономикалық форумына қатысады.

Шимшек форумда халықаралық инвесторларға түрік экономикасы туралы баяндама жасайды.

Баяндамадан кейін инвестор топтарымен бөлек-бөлек бас қосатын Шимшек «BlackRock», «JP Morgan», «Сингапур актив қоры» және «Franklin Templeton» инвестициялық компанияларының өкілдерімен жеке кездесулер өткізеді.

Сонымен бірге Орталық банк төрағайымы Хафиз Гайе Еркан да аталған жиында баяндама жасайды.

Форум мен кездесулер баспасөзге жабық өтеді.



Ұқсас жаңалықтар