Түркия Пәкістандағы шабуылды қатаң түрде айыптады

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва уәлаятындағы шабуылда 40-тан астам адам қаза тапты.

2017985
Түркия Пәкістандағы шабуылды қатаң түрде айыптады

Түркия Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва уәлаятында коалиция үкіметінің ортақтарының бірі Ислам ғұламалары партиясының съезін нысанаға алған бомбалы шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Дос және бауырлас Пәкістанның солтүстік батысында бүгін (кеше) өткен саяси митинг кезінде болған жарылыстан көптеген адамның қаза тапқаны өкіндірді» делінді.

«Бұл лаңкестік әрекетті барынша қатаң түрде айыптаймыз. Шабуыл кезінде қаза тапқандарға Алланың рақымын тілейміз. Олардың туыс-тамырларына, Пәкістан үкіметі мен халқына көңіл айтамыз» делінген мәлімдемеде Түркияның терроризммен күресте дос және бауырлас Пәкістанның жанында болуды жалғастыратыны айтылды.

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва қаласында кеше коалициялық үкіметтің ортақтарынан бірі Ислам ғұламалары партиясының съезін нысанаға алған бомбалы шабуылда 40-тан астам адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланды.

Полиция директоры Ахтар Хаят шабуылдың жанкешті тарапынан жасалғанын хабарлады.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойындамады. Ауғанстандағы Талибан әкімшілігі шабуылды айыптағанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар