Алтун "жалған ақпарат тарату науқанына" наразылық көрсетті

Алтун Түркияның қарсыластарының бірінен соң бірі жалған ақпарат тарату науқаны жүргізгенін мәлімдеді.

2018210
Алтун "жалған ақпарат тарату науқанына" наразылық көрсетті

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның қарсыластарының бірінен соң бірі жалған ақпарат тарату науқаны жүргізіп жатқанын айтып, әлеуметтік медиа компанияларына жалған ақпаратпен күресуде әлдеқайда сезімтал болу керектігін ескертті.

Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында психологиялық соғыс мақсатында жүргізілген жалған ақпарат тарату науқанының демократияға және демократиялық келіссөз мәдениетіне қысым жасауды мақсат еткенін атап көрсетті.

Жалған хабар мен манипуляциялық ақпараттың демократия мен адам құқықтарына ашық бір қауіп екенін атап көрсеткен Алтун жалған ақпарат тарату науқанының негізгі мақсатының саяси тұрақсыздық пен әлеуметтік хаос тудыру екеніне назар аударды.

Алтун «2002 жылдан кейін Режеп Тайып Ердоған басқарған үкіметтердің арқасында Түркия көптеген салада елеулі серпілістерге қол жеткізіп, аймақтық держава және жаһандық актер ретінде әлемдік саясаттың теңгеруші элементтерінің біріне айналды. Түркия өсу және азаттық күресін «Түркия ғасыры» бағдарламасымен жалғастырып жатқанда, Түркияның қарсыластары бесінші колонна элементтерін іске қосу арқылы бірінен соң бірі жалған ақпарат тарату науқандарын жүргізуде» деді.

Алтун «Президенттік коммуникация басқарамасы ретінде бұл шабуылдарды жою жұмыстарын табанды түрде жалғастырамыз және бұл үдерісте әлеуметтік медиа компанияларына жалған ақпаратпен күресте әлдеқайда сезімтал болуды ескертеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар