Фидан БҰҰ-ның Хабитат атқарушы директоры Шарифті қабылдады

Хакан Фидан Ирак Түрікмен шебінің төрағасы Хасан Туранмен кездесті.

2017117
Фидан БҰҰ-ның Хабитат атқарушы директоры Шарифті қабылдады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ел астанасы Анкарада Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Хабитат атқарушы директоры Маймунах Мохд Шариф және Ирак Түрікмен шебінің төрағасы Хасан Тұранмен кездесті.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде  Фиданның БҰҰ-ның Хабитат атқарушы директоры Шарифті қабылдағаны айтылды.

Министрліктен жасалған басқа бір мәлімдемеде Фиданның Ирак Түрікмен шебінің төрағасы Хасан Тұранды күтіп алғаны білдірілді.

Министрліктің мәліметінше, министр Фидан Словения Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы және Еуропа істері министрі Таня Фажон және Косово Премьер-министрі Альбин Куртимен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастар талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар