119 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая соңғы 2 айда террор ұйымына бағытталған операцияларда 119 террористтің залалсыздандырылғанын айтты.

2016507
119 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая соңғы 2 айда бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға бағытталған операцияларда 119 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Йерликая жеке телеарнаның тікелей эфирінде күн тәртібіне байланысты мәлімдеме жасап, сұрақтарға жауап берді.

Терроризмге қарсы операцияларда залалсыздандырылған террористтердің санына қатысты сұраққа жауабында Йерликая:

"Қызметке келгеніме 2 ай болды. Бөлшектеуші террористік ұйымға қарсы 478 қалалық операция жасадық. Бұл операцияларда 740 адам ұсталды. Оның 182-сі қамауға алынды. 88 адамға қатысты сот бақылауы шешімі шығарылды. Дәл осы кезеңде ауылдық жерлерге бағытталған 10 ірі, 83 орташа жалпы 24 мың 107 операцияда 119 террорист залалсыздандырылды» деді.

Алынған барлау және бақылау мүмкіндіктері нәтижесінде террористтерді қозғала алмайтын жағдайға жеткізгендерін атап көрсеткен Йерликая операцияларды тоқтаусыз жасағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар