Ердоған жаңа Атазаң жасау керектігін айтты

Президент Ердоған ел астанасы Анкарадағы Президенттік сарайда өткен сот және прокурорлардың жеребе тарту рәсімінде сөз сөйледі.

2015932
Ердоған жаңа Атазаң жасау керектігін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның мақсатына жетуі үшін жаңа Атазаң жасауы қажет екенін айтты.

Президент Ердоған ел астанасы Анкарадағы Президенттік сарайда өткен сот және прокурорлардың жеребе тарту рәсімінде сөз сөйледі.

Тәжірибеге енгізген әрбір өзгерісімен елдің демократия мен заң үстемдігінің стандарттарын одан сайын арттыратынын атап өткен Ердоған:

«Біз қызметке кіріскен 2002 жылы елімізді 4 негізгі тірекке тұрғызамыз деп уәде бердік. Бұл білім, денсаулық, әділет және қауіпсіздік салалары болатын. Арадан 21 жыл өтсе де, еліміз басынан өткерген қиыншылықтар мен шарт жағдайларға қарамастан осы уәдемізге адалдық таныттық. Біз санауға бірнеше сағат кететін реформалар мен жобаларды жүзеге асырдық» деді.

Жасалған істердің маңызды болғанымен жеткілікті емес екенін білдірген Ердоған Түркияның мақсаттарына жетуі үшін жаңа Атазаң жасауы қажет екенін білдірді.

Азаматтық, либертариалды және баршаға құшақ жаятын Атазаңға баса назар аударған президент Ердоған:

"Жаңа Атазаң бойынша жұмыстардың 28-ші заң шығару мерзімінде басты тақырыптарымыз арасында болады" деді.



Ұқсас жаңалықтар