Министр Фидан халықаралық көші-қон конференциясына қатысты

Баспасөзге жабық өткен конференцияда министр Фидан баяндама жасады.

2015068
Министр Фидан халықаралық көші-қон конференциясына қатысты

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Жерорта теңізіне жағалас елдердің ортақ мәселесі болып табылатын тәртіпсіз көші-қонмен күресте аймақтық ынтымақтастықтың маңызды екенін айтты.

Министр Фидан кеше Римде Италия премьер-министрі Джорджия Мелонидің қонақжайлығымен өткен "Өркендеу және көші-қон жөніндегі халықаралық конференцияға" қатысты.

Баспасөзге жабық өткен конференцияда министр Фидан баяндама жасады.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда Фидан заңсыз көштің Жерорта теңізі елдерінің ортақ сынағы екенін атап, тәртіпсіз көшпен күресте аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды.

Көштің тоқтатылуының маңыздылығына назар аударған министр Фидан бұл үшін қақтығыстар мен экономикалық мәселелердің шешілу керектігін білдірді.

Сыртқы істер министрі Фидан елдер арасында ауыртпалықты бөлісудің маңыздылығын айта отырып, барлық елдерді ксенофобия мен өшпенділік қылмыстарының алдын алуға және адам абыройын қорғау үшін мейірімділік мәдениетін дамытуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар