Сауд Арабиясы мен Түркия арасында 9 келісімге қол қойылды

Сауд Арабиясы Министрлер Кеңесі Түркиямен қол қойылған келісімдерге жоғары баға берді.

2013296
Сауд Арабиясы мен Түркия арасында 9 келісімге қол қойылды

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі «SPA» тақ мұрагері Мұхаммед ибн-Селманның Жиддадағы «Эс-Салам» сарайында Министрлер кеңесіне төрағалық жасағанын білдірді.

Отырыстың басында тақ мұрагері ханзада ибн-Селман Министрлер кеңесіне президент Режеп Тайып Ердоғанмен ресми кездесулерінің нәтижелері туралы ақпарат берді.

Министрлер Кеңесінде «аталмыш келіссөздер нәтижесінде Сауд Арабиясы мен Түркия Республикасы арасында әртүрлі салада келісімдерге қол қойылғанына куә болынғаны» атап көрсетілді.

Кездесуде Сауд Арабиясы-Түркия Инвестициялық форумы аясында әртүрлі салада 9 өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаны білдірілді.

Түркия Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында тікелей инвестиция, қорғаныс өнеркәсібі, энергетика, қорғаныс және байланыс салаларында келісімдер жасалды.

Екінші жағынан Сауд Арабиясы Қорғаныс министрі ханзада Халид ибн-Селман екі ел арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың атқарушы жоспарына қоса түрік пилотсыз әуе көліктерін сатып алу үшін екі келісімшарт жасалғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар