Хакан Фидан "ASEAN" саммитінде баяндама жасады

Фидан Джакартада өткен Түркия – ASEAN Салалық келіссөз серіктестігі үштік саммитінде үн қатты.

2011668
Хакан Фидан "ASEAN" саммитінде баяндама жасады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Аймақтық және жаһандық саяси ортаның негізгі актерлері ретінде Түркия мен Оңтүстік шығыс Азия елдері одағының (ASEAN) әлдеқайда жоғары деңгейде ынтымақтасу керектігіне сенеміз» деді.

Фидан Индонезияның бас қаласы Джакартада өткен Түркия – Оңтүстік шығыс Азия елдері одағы (ASEAN) Салалық келіссөз серіктестігі үштік жиналысында үн қатты.

Хакан Фидан жаңа кезеңде континенттік қол жетімділік стратегиясын одан мекемелік тұғырға көтеретіндерін атап, «Осылардың ішінде жаңа Азияны қайта құру бастамасы бар. Бұл үшін біз жаңа серіктестік үлгілерін дамытып, қолданыстағыларды күшейтеміз. Аймақтық және жаһандық саяси ортаның негізгі актерлері ретінде Түркия мен «ASEAN»-ның әлдеқайда жоғары деңгейде ынтымақтастық жасау керектігіне сенеміз» деді.

Түркия мен «ASEAN» арасындағы бұл келіссөз серіктестігі ортақ мақсатымыз үшін маңызды бір синергия болмақ. Бұл да әділ, ауқымды және тұрақты халықаралық бір тәртіп» деді.



Ұқсас жаңалықтар