Үш елде бизнес форум өтеді

Форумдарға президент Ердоған қатысады.

2011396
Үш елде бизнес форум өтеді

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) елдерінде бизнес форум өтеді.

Бұл туралы Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің «Twitter» парақшасында жарияланды. Жазбада  «Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның Парсы шығанағы елдеріне ресми сапарына орай Сауд Арабиясы, Катар және БАӘ-де бизнес форумдар ұйымдастырамыз» деп айтылды.

17 шілдеде Джиддада Сауд Арабиясы-Түркия бизнес форумы, 18 шілдеде Дохада Катар-Түркия бизнес форумы, 19 шілдеде Абу-Дабиде БАӘ-Түркия бизнес форумы өтетіні хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар