Министр Хакан Фидан Индонезияда

Хакан Фидан Оңтүстік шығыс Азия елдері қауымдастығы (ASEAN) Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысады.

2011260
Министр Хакан Фидан Индонезияда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Оңтүстік шығыс Азия елдері одағы "ASEAN" Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында барған Индонезияда президент Джоко Видодоның қабылдауында болды.

Сыртқы істер министрлігінің Твиттер аккаунтынан жасалған хабарламада министр Фиданның Индонезияның бас қаласы Джакартада президент Видодо тарапынан қабылданғаны атап көрсетілді.

Хакан Фидан “ASEAN” Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында бірқатар өзара кездесулер өткізді.

Фидан Бангладеш Сыртқы істер министрі А.К. Абдул Момен, Бруней екінші Сыртқы істер министрі Дато Эриван Юсуф, Вьетнам Сыртқы істер министрі Буй Тханх Сон және Еуроодақ Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелмен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар