Еуропада «15 шілде Түркияның демократиялық жеңісі панелі» өтті

Фахреттин Алтун панель қатысушыларына бейне хабарлама арқылы үн қатты.

2011226
Еуропада «15 шілде Түркияның демократиялық жеңісі панелі» өтті

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның Фетуллахшы террор ұйымына (ФЕТО) қарсы күресті бар күшімен бүгін де жалғастырғанын білдірді.

Алтун Президенттік аппараттың Коммуникация Басқармасы тарапынан «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні» іс-шаралары аясында Швецияның бас қаласы Стокгольм және Германияның бас қаласы Берлинде ұйымдастырылған «15 шілде Түркияның демократиялық жеңісі панелінің» қатысушыларына бейне хабарлама арқылы үн қатты.

Алтун Түрік Қарулы күштеріне (ТҚК) дендеп енген террор ұйымы «ФЕТО»-ға мүше бір топ жүзеге асыруға тырысқан опасыз төңкеріс әрекетінің (2016 ж. 15 шілде күнгі) 7-ші жылдығы екенін еске салды.

15 шілде түні Түркияның ұлт пен мемлекет интеграциясы негізінде төңкеріс әрекетіне тойтарыс бергенде, кейбір одақтардың үнсіздігі мен екіұдайы мәлімдемелеріне тап болғанын айтқан Алтун «Түрік ұлты жаны, отаны және тәуелсіздігімен сынақтан сүрінбей өткенсе, өзін Түркияның досы және одақтасы деп атаған демократия, адам құқықтары, еркіндіктер және осыған ұқсас көптеген ұғымның қамқоршысы болып қабылданған қаншама одақ өкінішке орай, сол түні сынақтан өте алмады» деді.

Түрік ұлты мен мемлекетінің еш нәрсеге қарамастан төңкеріс әрекетінің алдын алғанындай бұл опасыз тобырды барлық мекеме және ұйымдардан тазалауға үлкен күш жұмсағанын білдірген Алтун «ТҚК мен қауіпсіздік күштерінен бастап барлық мекеме мен ұйымдар, қанды террор ұйымы ФЕТО-дан тазартылды. Мемлекетіміз ФЕТО-ға қарсы күресін бүгін де бар күшімен жалғастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар