Түркия Құран кітаптың өртелуіне жол бермеуге шақырды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Серим БҰҰ Адам құқықтары кеңесінде шақыру жасады.

2010111
Түркия Құран кітаптың өртелуіне жол бермеуге шақырды

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) халықаралық қауымдастықты Құран кітапты өртеу әрекеттерінің алдын алуға шақырды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ясин Экрем Серим соңғы кезде артып отырған Құран кітапты ашық түрде өртеу әрекеттерін қатаң түрде айыптап «Барлық құзырлы органдарды осы әрекеттерді жасағандарға қарсы қажетті шараларды қабылдауға және мұндай оқиғалардың қайталануының алдын алуға шақырамыз» деді.

Серим БҰҰ Адам құқықтары кеңесінде өткен төтенше сессияда сөз алды.

«Соңғы кезеңде діни өшпенділіктің күшеюінің айқын көрінісі болып табылатын Құран кітапты өртеу оқиғаларын айыптаймыз» деген Серим кез-келген қасиетті кітапты құрметтемеудің мейірімділік, қоғамдық бейбітшілік, адамдық ар-намысты құрметтеумен үйлеспейтінін тілге тиек етті.

Серим «Сөз бостандығы қоғамның ірге тасы болып табылады, бірақ өшпенділік тарату мақсатты қиянат жасауға болмайды. Сөз бостандығына байланысты мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды. Барлық құзырлы органдарды осы әрекеттерді жасағандарға қарсы қажетті шараларды қабылдауға және мұндай оқиғалардың қайталануының алдын алуға шақырамыз» деді.

Министрдің орынбасары Серим Халықтың басым бөлігі мұсылман, Еуропа Кеңесі мен НАТО сияқты батыстық барлық ұйымдардың мүшесі мен серіктесі сондай-ақ Еуроодаққа үміткер Түркияның ислам өшпендігімен күрес бастамаларын қолдауды жалғастыратынын айтты.

Дін немесе наным негізіндегі өшпенділік және кемсітушілікпен күресудің осы елдердің жауапкершілігі екенін білдірген Серим «Осы мақсатта Түркия барлық елдермен екі және көпжақты деңгейде жұмыс істеуге дайын. Мұсылмандарға ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін өшпенділік әрекеттеріне қарсы нақты және ортақ хабарлама жіберу үшін барлық елдерді осы шешімді қолдауға шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар