Президент Ердоған мен АҚШ Президенті Байден Литвада бас қосты

Президент Ердоған Вильнюсте өткен НАТО саммиті аясында АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті.

2010076
Президент Ердоған мен АҚШ Президенті Байден Литвада бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Литвада өткен НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммиті аясында АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті.

Екі басшының оңаша кездесулері 1 сағаттан асты.

Президент Режеп Тайып Ердоған кездесу алдындағы мәлімдемесінде «Стратегиялық механизм аясында (АҚШ-пен) мемлекет басшылары деңгейінде кеңесетін уақыт келді деп ойлаймын. Бас қосуды алғашқы қадам деп сенемін. Біздің президент Байденмен өткен кездесулеріміз дайындық іспеттес еді. Дегенмен қазір біз жаңа процесті бастаймыз» деген болатын.

Түркияда мамыр айында өткен президенттік сайлаудың екінші турынан кейін Байденнің өзіне телефон соғып, құттықтағанын еске салған президент Ердоған АҚШ президентіне «Келесі сайлау процесінде сәттілік тілеймін» деді.

Президент Ердоғанға Швециямен байланысты жүргізген дипломатиясы мен көшбасшылығы үшін алғыс айтқан Байден Түркияның Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (ТҰҰМ) жіберілетінін жариялауына ризашылығын тілге тиек еткен болатын.

НАТО саммитін «тарихи» деп бағалаған Байден одақтың қорғанысын күшейту жөніндегі міндеттемелерін де қайталаған болатын.

АҚШ-та өтетін 2024 жылы президенттік сайлауда сәттілік тілеген Президент Ердоғанға алғысын білдірген Байден «Алдағы бес жылда сізбен қайтадан кездесуді асыға күтемін» деді.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан кездесумен байланысты хабарлама жариялады. Хабарламасында «Кездесуде (Байденмен) біз екіжақты қарым-қатынастарымызды және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық. Байланыстарымыздың жемісті болуын тілеймін» деді.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде «Түркия мен АҚШ арасындағы саяси, экономикалық және сауда қарым-қатынастары, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері және аймақтық мәселелер талқыланды» делінді.

Байден болса Вильнюстегі НАТО саммиті аясында президент Ердоғанмен кездесуіне байланысты әлеуметтік желідегі аккаунтынан өз хабарламасын бөлісті.

Президент Байден НАТО саммитінің Түркия қабылдаған Швецияның мүшелігі туралы шешіммен «тарихи» бір мәнге ие болғанын айтты.

Президент Ердоғанмен түскен суретін де бөліскен Байден «Президент Режеп Тайып Ердоғанмен НАТО саммиті аясында Литвада қайта бас қосу керемет еді» деді.



Ұқсас жаңалықтар