Президент Ердоған баспасөз мәслихатын өткізді

Ердоған Вильнюстегі НАТО саммитінің артынан баспасөзге мәлімдеме жасады.

2010514
Президент Ердоған баспасөз мәслихатын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Террормен «сылтаусыз күрес» біздің қызыл сызығымыз. Барлық одақтастарымыздан табанды және айқын ұстаным күтеміз» деді.

Ердоған Литваның бас қала Вильнюстегі НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммитінің артынан баспасөз мәслихатын өткізді.

Президент Ердоған мәлімдемесінде «Кейбір одақтастарымыздың PYD/YPG террор ұйымымен өзара орнатқан қарым-қатынасы одақтың бірлігі мен тұтастығына зиянын тигізуде. Мұның ақылға қонымды және қисынды түсіндірмесі жоқ» деді.

Президент Ердоған «Террормен «сылтаусыз күрес» біздің қызыл сызығымыз. Енді осы мәселеде барлық одақтастарымыздан табанды және айқын ұстаным күтеміз» деді.

Астық дәлізінде Президент Ердоған «Зеленский бұл бастаманың жалғасуын қолдайды, Путин болса кейбір ұсыныстар айтады. Біз осы ұсыныстарды ескере отырып, шешімге бағыттап жұмыс жасаймыз» деді.

Президент Ердоған «Егер тараптар бізге делдал ретінде әрекет етуді ұсынса немесе қабылдаса, мұндай бітімгерлікті қуана қабылдаймыз» деді.

Ердоған «Біз бастаманың мерзімін ұзарту және дағдарысты шешу үшін екі көршімізбен жақын келіссөздерді жалғастырамыз. Әрқашан айтып жүргеніміздей, соғыста жеңімпаз, бейбітшілікте жеңіліс болмайды. Өңірімізде тыныштық орнайтын үмітті қайта оятқымыз келеді» деді.

Президент Ердоған Түркияның НАТО-ның ашық есік саясатын әрдайым қолдайтын ел екенін атап, «Осы уақытқа дейін біз ешбір елдің альянсқа кіруіне әдейі кедергі жасаған емеспіз» деді.

Ердоған Швецияның НАТО-ға кіру хаттамаларын бекіту өкілеттігінің ұлттық ерікті білдіретін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі екенін атап көрсетті.

Президент Ердоған Швецияда Құран кітаптың өртелуімен байланысты «Халықтың киелі құндылықтарына шабуылдау – ой еркіндігі емес, жабайылық, қарабайырлық, лаңкестік әрекеттің бір түрі» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары кеңесінде Құранды өртеу әрекетін айыптайтын жоба тақырыбына да тоқталған президент Ердоған «Заң жобасына қарсы дауыс берген елдер сөз бостандығы мен адам құқықтары туралы түсінігіне қайта көз жүгіртуі тиіс» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар