Іздеу салынған PKK-лық террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде PKK-ның Зап аймағы байланыс жауапкері Ферит Юксел залалсыздандырылды.

2009095
Іздеу салынған PKK-лық террорист залалсыздандырылды

PKK террор ұйымының Ирактың солтүстігіндегі Заптағы байланыс жауапкері Ферит Юксел залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағында іздеу және бақылау жұмыстарын жалғастырған Түрік Қарулы күштері сарбаздары 852 метр биіктікте бір төбедегі үңгірде террористерді анықтады.

«Беріліңдер» шақыруларына қарумен жауап қайтарған соң террорист жасырынған үңгірде арнайы десанттар тарапынан залалсыздандырылды.

Террористің өткен жылы залалсыздандырылған «Сиябенд» лақапты Зап аймақтық жауапкеріне жақын тұлғалардың бірі «Шерзан Мава» лақапты террорист Ферит Юксел екені анықталды. Террорист Юкселдің аймақтағы байланыстарды қамтамасыз еткен байланыс жауапкері екені анықталды.

Аталмыш екі террористің бұрын жасырынған бір үңгірде түсірілген фотосуреті де іздестіру жұмыстары нәтижесінде тәркіленді.



Ұқсас жаңалықтар