Түркия Кипр келіссөздер процесіне қатысты айыптаулардың негізсіз екенін хабарлады

Танжу Билгич Кипр саясатының анық екенін және бұл саясатты барлық тараптар жақсы білетінін білдірді.

2008170
Түркия Кипр келіссөздер процесіне қатысты айыптаулардың негізсіз екенін хабарлады

Түркия Кипр келіссөздер процесіне қатысқан жоғары лауазымды министр туралы айыптаулардың негізсіз және толықтай шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Танжу Билгич бұл туралы мәлімдеме жасады.

Танжу Билгич «Шетелде басылған кітапқа сілтеме жасай отырып, кейбір дереккөздерде Кипр келіссөздер процесіне қатысқан, 2017 жылы Кипр грек жағының фактілерден алшақ көзқарасы салдарынан сәтсіз аяқталған жоғары лауазымды министрлер туралы  негізсіз айыптардың жасалғаны байқалды» деді.

Билгич былай деді: «Келіссөздер барысында консенсусқа қол жеткізу үшін концессиялық көзқарастың қабылданғаны туралы бұл мәлімдемелер мүлдем шындыққа жанаспайды».

Билгич Түркияның Кипр саясатының анық екенін және бұл саясатты барлық тараптар жақсы білетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар