Нью-Йоркта технология саласындағы түріктер бас қосты

Бағдарламаны Түркияның Нью-Йорктегі бас консулы Рейхан Өзгүр мен «Turks in Tech» тобының негізін қалаушы Айкут Караалиоғлу ұйымдастырды.

2007816
Нью-Йоркта технология саласындағы түріктер бас қосты
abd turkevi teknoloji.jpg
abd turkevi teknoloji.jpg

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласында технология саласында жұмыс істейтін түріктер Түркевидегі (Түрік үйі) кездесу шарасында бас қосты.

Аталмыш  бағдарламаны Түркияның Нью-Йорктегі бас консулы Рейхан Өзгүр мен «Turks in Tech» тобының негізін қалаушы Айкут Караалиоғлу ұйымдастырды.

Іс-шараға Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы Тұрақты өкілі Седат Өнал және Президенттік Инвестициялар кеңсесінің Вашингтондағы өкілі Нежметтин Каймаз, сонымен қатар кәсіпкерлер, инвесторлар мен инженерлер қатысты.

Бас консул осындағы сөзінде Түрік үйінде көптеген іс-шаралар өткізгендеріне назар аударып, салалық жиналыстар аясында денсаулық және құқық саласында жұмыс істейтіндер үшін де  бағдарлама ұйымдастырғандарын еске салды.

Өзгүр АҚШ-та технология саласында жұмыс істейтін түріктердің өз елдеріне тәжірибе мен капитал аудару арқылы үлес қоса алатынын айтты. «Еліміз әрқашан ойларыңызда болсын. Елге пайдалы  не істей аламыз деген ой Түркияға айтарлықтай үлес қосады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар