Ердоған Фумио Кисидамен телефонда сөйлесті

Президент Ердоған президенттікке қайта сайлануымен құттықтауын жеткізген Жапония премьер-министрі Фумио Кисидаға алғыс айтты.

2007923
Ердоған Фумио Кисидамен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен телефон арқылы сөйлесті.

Телефондағы кеңесте Ердоған президенттікке қайта сайлануымен құттықтауын жеткізген Жапония премьер-министрі Фумио Кисидаға алғыс айтты.

Түркия-Жапония стратегиялық серіктестігінің биыл он жылдығы, ал келесі жылы дипломатиялық қарым-қатынастың 100 жылдығы тойланатынын еске салған президент Ердоған екіжақты ынтымақтастықты экономика, энергетика, ауыл шаруашылығы, білім беру, қорғаныс, апаттарды жою, ғылым мен технология сияқты салаларға кең ауқымда ілгерілетуді қалайтынын білдірді.

6 ақпанда болған «ғасыр апаты» Кахраманмараш жер сілкінісіне Жапонияның көрсеткен қолдауы мен ынтымақтастығының жалғасуы тілегін білдірген президент Ердоған Жапонияның Түркияның терроризмге қарсы күресіне бұдан да нақты үлес қосатынына сенетінін айтты. 

Президент Ердоған телефондағы әңгімеде Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданы Түркияға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар