Түркия Израиль шабуылын айыптады

Түркия Израиль күштерінің Дженин қаласына жасаған шабуылын айыптады.

2006607
Түркия Израиль шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі Израиль күштерінің Дженинге жасаған шабуылына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Израиль күштерінің басқыншылық астындағы Шерияның батысындағы Дженин қаласына жасаған шабуылын қатаң түрде айыптаймыз. Аймақтағы бұл шабуылдардың зорлық-зомбылық пен жаңа шиеленістерді тудыратынына қатты алаңдаймыз. Израиль билігін парасаттылыққа және мұндай әрекеттерді тоқтатуға шақырамыз. Оқиғаларда қаза тапқан палестиналық бауырларымызға Алланың рақымы мен, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілей отырып, Палестина мемлекеті мен халқына көңіл айтамыз» делінді.

Израиль күштері басып алған Шерияның батысындағы Дженин қаласына кеше жасаған әуе шабуылы мен басқында 8 палестиналық қаза тапты. Әл-Бире қаласында израильдік әскерилердің шабуылында бір палестиналық басына оқ тиіп, мерт болған еді.



Ұқсас жаңалықтар