Швецияда Құран Кәрім арандатуына наразылық жалғасуда

Нуман Куртулмуш Швецияда Құрбан айт мерекесінде бір мешіт алдында Құран Кәрімді өртеу әрекетіне қатал наразылық білдірді.

2005213
Швецияда Құран Кәрім арандатуына наразылық жалғасуда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Швецияда Құрбан айт мерекесінде бір мешіт алдында Құран Кәрімді өртеу әрекетіне қатал наразылық білдірді.

Куртулмуш мәлімдемесінде «Әрі полицияның көз жұмуы, әрі жоғары соттың шешімі де осы сұмдық, адамгершілікке жатпайтын және азғындық шабуылға жол ашты. Бұны қабылдауға болмайды» деді.

Вице-президент Джевдет Йылмаз  Швецияда Құран Кәрімнің өртелуіне байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Йылмаз «Қасиетті кітабымыз осы сұмдық әрекеттердің кесірінен құнын жоғалтпайды. Нақтылы қылмыскерлер-осы арандатушылықтарды жасап, оларды бақылап отырғандар» деп көрсетті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун әлеуметтік желідегі парақшасында ағылшын тілінде жасаған мәлімдемесінде Швецияда Құран Кәрімнің өртелуіне наразылық көрсетті.

Фахреттин Алтун «Мұндай жантүршігерлік әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. Швеция билігі жедел шара қолданып, терроризмнің кез келген әрекетіне қарсы нақты тұғыр ұстануы керек» деген үндеу тастады.

Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш та әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

«Швецияда Құрбан айт мерекесінде қасиетті кітабымыз Құран Кәрімге қарсы жасалған жексұрын әрекетін қатал түрде  айыптаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар