Ердоған шекарадағы әскерлерді Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Президент Ердоған Ішкі істер министрі Али Йерликаямен телефонда сөйлесті.

2004574
Ердоған шекарадағы әскерлерді Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран шекарасындағы «Тендүрек» базалық аймағында қызмет еткен жандармерияларды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Ішкі істер министрі Али Йерликая Ван сапары аясында «Тендүрек» базалық аймағында жандармериямен бас қосты.

Базада қызмет атқарған сарбаздармен біраз уақыт әңгімелескен Йерликая телефон арқылы сөйлескен президент Ердоғанға сапары туралы ақпарат беріп, Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Президент Ердоған болса Йерликаяның телефонынан қызметкерлерді Құрбан айт мерекесімен құттықтап, «Мұндай бір базаның құрылуы терроризмге қарсы күресте бізді әлдеқайда табысты етеді деп ойлаймын. Сіздер де осы жердің қауіпсіздік кілті болып табыласыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар