Яшар Гүлер Украина Қорғаныс министрімен сөйлесті

Яшар Гүлер Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковпен телефон арқылы сөйлесті.

2003430
Яшар Гүлер Украина Қорғаныс министрімен сөйлесті

Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковпен телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктен жасалған мәлімдемеге қарағанда Резников айдың басында жаңа қызметімен құттықтаған Гүлдерге сәттілік тілегін жеткізді.

Астық тасымалына қатысты соңғы жағдай да талқыланған әңгімеде министр Гүлер жаһандық азық-түлік дағдарысының шешілуіне үлкен үлес қосып отырған және бүкіл адамзат үшін пайдалы бұл бастаманың үздіксіз жалғасуының маңыздылығын түсіндірді.

Әңгіме барысында Гүлер Түркияның 17 шілдеде аяқталатын астық келісімін ұзарту, сонымен қатар аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету (2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы) және гуманитарлық көмек тақырыбына тоқталды. Сондай-ақ Гүлер сындарлы бастамаларын жалғастыра отырып, өз үлесін қосатынын тағы бір мәрте мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар