Ердоған Шахбаз Шарифке көңіл айтты

Ердоған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке Грекия жағалауында мигрант қайығы апатында қаза тапқан Пәкістан азаматтары үшін көңіл айтты.

2002041
Ердоған Шахбаз Шарифке көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке мигранттар қайығы апатында қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Президенттік аппараттың Коммуникациялар басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Шерифпен телефон арқылы сөйлескен.

Телефондағы әңгімеде Ердоған Грекия жағалауында мигрант қайығы апатында қаза тапқан Пәкістан азаматтары үшін көңіл айтты.

Бұл ауыр оқиғаға қатты қайғырғанын білдірген президент Ердоған Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін білдірді.

14 маусымда Грекия жағалауында мигранттар қайығы аударылып, 81 тұрақсыз мигрант қаза тауып, 104 адам құтқарылған болатын.

Қаза тапқандар арасында Сирия, Мысыр, Пәкістан және Палестина азаматтары бар.



Ұқсас жаңалықтар