Ердоған Швецияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Ердоған НАТО-ға мүше болғысы келген Швецияның өз міндеттерін орындауы керектігін баса айтты.

1999658
Ердоған Швецияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО-ға мүше болғысы келген Швецияның өз міндеттерін орындауы керектігін баса айтты.

Президент Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Әзербайжан сапарларынан оралғанда ұшақта журналистерге баға берді.

Ердоған «Түркия Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдай ма?» деген  сұраққа орай «Жақында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Стамбулда қонағым болды. Оған айтқанымыз: "Егер біз Швецияның күткеніне жауап береміз деп күтсеңіз, Швеция ең алдымен бөлшектеуші ұйымы PKK-рың әрекеттеріне тыйым салуы керек." Сол кезде, өкінішке орай, лаңкестер Швецияда көшеде қайтадан демонстрацияға шықты. Қазір біз бұл мәселеге оң көзқараспен қарай алмаймыз. Бұл мәселені шешпегеннен кейін Вильнюста  (өтетін НАТО саммитінде) бәрі жақсы деп айта алмаймыз»деп жауап берді.

Түркияның жаңа кезеңдегі сыртқы саясаттағы басымдылығының диалог пен дипломатия екенін атап көрсеткен Ердоған Грекиямен қарым-қатынастарға да тоқталды.

Ердоған «Түркиядағы сайлаудан кейін Грекияның бұрынғы премьер-министрі Кирякос Мицотакис маған телефон соғып, жеңісіммен құттықтады. Сондықтан біз онымен дәл қазір Вильнюста кездесуден тартынбаймыз. Біз көршілес екі елміз. Айтарымыз бар. Қалай болғанда да, біз олармен сөйлесеміз. Біз жауларымызды көбейту үшін емес, азайту үшін бар екенімізді біліңіз. Бұл Түркия, бұл Ердоған» деп көрсетті.

Ердоған Кипр мәселесі жайлы былай деді: «Қазіргі Кипр понти әкімшілігі бұрынғыларға қарағанда бейбітшілікті қалайда. Егер олар осы бейбіт атмосфераны сақтап, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының егемендік теңдік құқықтарын қорғау үшін "иә" дейтін болса, әрине оң қараймыз. Еуропа Одағы адал емес. 50 жыл өтті, бізді әлі қабылдаған жоқ. Біз бұл мәселелерді талқылаймыз. Мұны қайта қарау керек».

Кавказдағы оқиғаларды да бағалаған Ердоған Баку-Ереван желісіндегі бітімгершілік процесінің ілгерілеуінің Түркияның Армениямен қарым-қатынасының қалыпқа келуіне айтарлықтай үлес қосатынын айтты.

Зәңгезур дәлізіне қатысты Иранмен проблемаға тоқталған Президент «Бұл Арменияға қатысты мәселе емес. Зәңгезур дәлізі Иранға қатысты мәселе. Бұл жерде Иранның мұндай (теріс) көзқарасы Әзербайжанды да, бізді де қынжылтады. Мұнда бір вагонға төленетін жалақы бар. Өкінішке орай, бұл өте жоғары. Біз бұл қиындықты қысқа мерзімде еңсереміз деп үміттенемін. Егер олар (Иран жағы) бұған оң көзқараспен қараса, бүгінде Түркия-Әзербайжан-Иран бір-бірімен автомобиль және теміржол арқылы интеграцияланар еді. Мүмкін Бейжің-Лондон желісі ашылар еді» деді.



Ұқсас жаңалықтар