Үштік механизмнің жиналысы Анкарада болады

Тұрақты ортақ механизмнің төртінші жиналысын Президенттің бас кеңесшісі Акиф Чагатай Кылыч басқарады.

1998843
Үштік механизмнің жиналысы Анкарада болады

Түркия, Финляндия және Швеция арасындағы Тұрақты ортақ механизмнің төртінші жиналысы Анкарада болады.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда, жиналысқа Түркия, Финляндия, Швеция делегацияларымен қоса НАТо делегациясы да қатысады. Үштік келісім шеңберінде қалыптастырылған Тұрақты ортақ механизмнің төртінші жиналысын Президенттің бас кеңесшісі Акиф Чагатай Кылыч басқарады.  Жиын 14 маусым күні болады.  

Жиналысқа НАТО делегациясы басшысы ретінде НАТО бас хатшысының кабинетінің басшысы Штиан Дженсен, Швеция делегациясы басшысы ретінде Швеция Сыртқы істер министрлігі бас хатшысы Иан Кнутсон мен Финляндия делегациясы басшысы Финляндия Сыртқы істер министрлігі бас хатшысы Жукка Саловаара қатысады.



Ұқсас жаңалықтар