Ердоған Берлусконидің қайтыс болуына орай Италияға көңіл айтты

Ердоған: «Италияның бұрынғы премьер-министрі, қымбатты досым Сильвио Берлусконидің қайтыс болғанына қатты қайғырдым» деді.

1999062
Ердоған  Берлусконидің қайтыс болуына орай Италияға көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған 86 жасында қайтыс болған Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони үшін  көңіл айтты.

Президент Ердоған әлеуметтік медиа парақшасында түрік және итальян тілдерінде мәлімдеме жасады.
Президент Ердоған:

«Мен көп жылдар бойы бірге жұмыс істеген Италияның бұрынғы премьер-министрі, қымбатты досым Сильвио Берлусконидің қайтыс болғанына қатты қайғырдым» деді.

Барша Италия халқына көңіл айтқан Ердоған Берлусконидің отбасы мен жақындарына қайғыларын бөлісетінін жеткізді.

Президент Ердоған жазбасында Берлусконидің суреттерін де жариялады.

"Forza Italia" партиясының жетекшісі, Италияның бұрынғы премьер-министрі және оңшыл коалициялық үкіметтің серіктестерінің бірі Сильвио Берлускони кеше қайтыс болды.

Біраз уақыттан бері денсаулығы нашарлаған Берлускони 5 сәуір мен 19 мамыр аралығында Сан Раффаэль ауруханасында созылмалы лейкозбен байланысты өкпе инфекциясынан 45 күн емделген болатын.



Ұқсас жаңалықтар