Түркия Суданнан 2382 адамды эвакуациялады

Эвакуациялау статистикасы Сыртқы істер министрлігінің Твиттер парақшасында жарияланды.

1997865
Түркия Суданнан 2382 адамды эвакуациялады

Суданда 15 сәуірден бері армия мен Жедел қолдау күштері арасында болған қақтығыстар салдарынан Түркия осы уақытқа дейін 1961 түрік азаматы бар барлығы 2382 адамды эвакуациялады.

Түркияның Суданнан эвакуациялау операцияларының ағымдағы статистикасы Сыртқы істер министрлігінің Твиттер парақшасында жарияланды.

Хабарламада «Біз барлығы 2382 адамды эвакуацияладық. Эвакуация іс-шараларымызға қолдау көрсеткен барлық мекемелерімізге алғыс айтамыз. Біз әрқашан азаматтарымызбен біргеміз» деген сөздер қолданылды.

Ортақ графикадағы статистикаға сәйкес, Суданнан 1961 түрік азаматы және 24 елден 421 адам бар барлығы 2382 адам эвакуацияланды.

Енді бір жағынан эвакуацияланғандардың ішінде 1478-і Эфиопия, 48-і Мысыр, 59-ы Сауд Арабиясы арқылы жүзеге асырылса, 715 адам Порт-Суданнан, 82 адам Хартум Вади Саиднадан эвакуацияланды.



Ұқсас жаңалықтар