Хакан Фидан Жозеп Боррельмен телефонда сөйлесті

Әңгімеде Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастары мен аймақтық оқиғалар талқыланды.

1997858
Хакан Фидан Жозеп Боррельмен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррельмен телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктің мәлімдемесіне қарағанда  Боррель Сыртқы істер министрі Фиданды жаңа қызметімен құттықтады.

Әңгімеде Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастары мен аймақтық оқиғалар талқыланды.

Жозеп Боррель Твиттер парақшасында «Еуроодақ пен Түркия арасындағы сындарлы және өзара тиімді қарым-қатынастарды жалғастырамыз. Геосаяси қиындықтар көптеген салада тығыз ынтымақтастықты қажет етеді. Жерорта теңізінің шығысында тұрақтылық пен қауіпсіздік өте маңызды» деген сөздер қолданды.  

Еуропа Одағы Комиссиясының кеңеюге жауапты мүшесі Оливер Вархели де Твиттердегі  парақшасында Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды жаңа қызметімен құттықтады.

Фиданмен жақын ынтымақтастық жасау және Түркиямен қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндіктер тақырыбында  келіскендерін білдірген Вархели Фиданның Түркияға шақыруын қуана қабылдағанын жариялады.

Хакан Фидан Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен де телефонда сөйлесті.

Әңгіме барысында Лавров Фиданды жаңа қызметімен құттықтады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде тараптар екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Хакан Фиданды Мавритания Сыртқы істер министрі Мұхаммед Салим Мерзук пен Джибути Сыртқы істер министрі Махмуд Али Юсуф те жаңа қызметімен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар