Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналды

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында жиналды.

1997392
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Президенттік кешенде өткен Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысынан кейін декларация жарияланды.

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің декларациясында түрік ғасырының басы болып табылатын жаңа кезеңде елдің қауіпсіздігін, тыныштығын және әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қадамдардың табандылықпен жасалуы керектігі баса айтылды.

Декларацияда ұлттың біреке-бірлігін, тұрақтылығын және болашағын сақтап қалу үшін әртүрлі террор ұйымына қарсы, әсіресе PKK/KCK-PYD/YPG, FETÖ және  ДАИШ-ке қарсы ел ішінде және шетелде табандылықпен  жүргізілген операциялар туралы ақпарат берілді.

Декларацияда Сирияның аумақтық тұтастығын сақтау және түбегейлі бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатудың тек террористік ұйымдардан тазарту арқылы мүмкін болатынына назар аударылды. Декларацияда сонымен қатар  қақтығыстардан қашқан сириялықтардың үйлеріне өз еркімен, қауіпсіз түрде оралуы үшін жасалған күш-жігерге үлес қосатын халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударылғаны айтылды.

Декларацияда Косоводағы артып келе жатқан шиеленістің аймақтағы нәзік тепе-теңдікті бұзатын дағдарысқа айналмауы үшін диалог пен кеңесу үдерістері жалғасып жатқанда Түркияның аймаққа қолдау көрсетуінің маңыздылығына тоқталған.

Декларияда  Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қаупі тілге тиек етілді. Түркияның қақтығыстарды тоқтату және бейбіт келіссөздерді бастау және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрекеттеріне үлес қосуын жалғастыратыны айтылды.

Декларацияда Әзербайжан мен Армения арасындағы диалог процесінде қол жеткізілген ілгерілеушілікке риза екендіктері білдіріліп, әділ шешімнің Кавказда түбегейлі бейбітшілік орнатуға негіз болып қана қоймай, жаһандық бейбітшілікке елеулі үлес қосатыны атап өтілді.

Декларияда Судандағы қақтығысқа қатысушы тараптарды атысты тоқтатуды жариялауға, өтпелі кезеңдегі табыстарды қорғауға және мәселелерді татуласу арқылы шешуге үндеу тасталды.  Түркияның Суданда бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін барлық қолдау көрсетуге дайын екені  баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар