Әріптестерінен Хакан Фиданға құттықтаулар келіп жатыр

Шетел сыртқы істер министрлері Хакан Фиданды жаңа міндетімен құттықтады.

1995254
Әріптестерінен Хакан Фиданға құттықтаулар келіп жатыр

Хакан Фидан Түркия Республикасының жаңа сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Хакан Фиданды шетел сыртқы істер министрлері жаңа міндетімен құттықтады. 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен әлеуметтік желідегі парақшасында Хакан Фиданды жаңа міндетімен құттықтады.

Голландия Сыртқы істер министрі Вопке Хоекстра Twitter-де жариялаған хабарламасында  «Ынтымақтастығымыз бен байланыстарымызды нығайта отырып, ортақ мәселелерімізді шешуді асыға күтемін» деді.

Италия премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Антонио Таяни де Twitter-де жариялаған парақшасында «Хакан Фиданды Түркияның Сыртқы істер министрі болып тағайындалуымен құттықтаймыз. Жаһандық қиындықтарды жеңу үшін бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Сәттілік тілейміз» деген сөздер қолданды.

Малтаның Сыртқы істер, Еуропа істері және сауда министрі Ян Борг те  Хакан Фиданмен түскен суретін бөлісті.

Пәкістан Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардари Хакан Фиданды Сыртқы істер министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

Хорватияның Сыртқы және Еуропа істері министрі Гордан Грлич Радман да әлеуметтік желідегі парақшасында «Хакан Фиданды жаңа қызметімен құттықтаймын. Түркия мен Хорватия арасындағы қарым-қатынастарды жалғастырамыз» деп көрсетті.

Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергис те құттықтауында «Мен біздің арамыздағы жемісті ынтымақтастықты асыға күтемін» деді.

Ирландияның Сыртқы істер министрі Мишел Мартин Twitter-дегі парақшасында Фиданды жаңа міндетімен құттықтады.

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Баербок  Хакан Фиданды  жаңа міндетімен құттықтап, «Мен сізбен жұмыс істеуді асыға күтемін» деді.

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель өзінің Twitter парақшасында мәлімдеме жасап, Хакан Фиданды Түркияның сыртқы істер министрі болуымен құттықтады.

Австрия Сыртқы істер министрі Александр Шалленберг құттықтауында  «Мен Австрия-Түркия қарым-қатынастарын бірге нығайтуды асыға күтемін» деген сөздер қолданды.

Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевич әлеуметтік желідегі парақшасында  «Хакан Фиданды жаңа міндетімен құттықтаймын. Латвия мен Түркияның екіжақты қарым-қатынастары өте жақсы» деді.

Бельгия Сыртқы істер министрі Хаджа Лахбиб және Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли де Фиданды құттықтады.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтияр Саидов пен Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Гил Фиданды жаңа міндетімен құттықтады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Франция Сыртқы істер министрі Кэтрин Колонна, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Сыртқы істер министрі Тахсин Эртуғрулоғлу, Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба, Эстония Сыртқы істер министрі Маргус Цахкна, Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем, Куба Сыртқы істер министрі Бруно Родригес және Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян да Хакан Фиданды жаңа міндетімен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар