Көптеген ел министр Фиданды құттықтады

Фиданды алдымен Әзербайжан, СКТР, Франция, Швеция және Украина сыртқы істер министрлері құттықтады.

1994991
Көптеген ел министр Фиданды құттықтады

Жаңа министрлер кабинеті жарияланғаннан кейін Сыртқы істер министрі Хакан Фиданға көптеген елден құттықтау хаттары келіп түсті.

Фиданды бірінші болып Әзербайжан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР), Франция, Швеция және Украинаның Сыртқы істер министрлері құттықтады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов әлеуметтік желідегі парақшасынан «Бауырлас Түркияның жаңа сыртқы істер министрі болып тағайындалған Хакан Фиданды шын жүректен құттықтап, осы абыройлы қызметте табыс тілеймін. Әзербайжан мен Түркия арасындағы бауырластық және одақтастық қарым-қатынастардың нығая түсетініне сенімдімін» деді.

СКТР Сыртқы істер министрі Тахсин Эртуғрулоғлу хабарламасында Хакан Фиданға жаңа қызметінде сәттілік тілеп, «Ұлттық мақсатымызды ілгерілету бағытында табандылықпен жолымызды жалғастыратынымызға нық сенемін. «Түрік ғасыры» құтты болсын» деді.

Франция Сыртқы істер министрі Кэтрин Колонна әлеуметтік желідегі аккаунтынан түрік тілінде құттықтау жолдады.

Фиданды алғашқы құттықтағандардың қатарында Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем де болды. Биллстрем Фиданды құттықтап, екі ел арасындағы жақсы ынтымақтастықты асыға күтетінін айтты.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Хакан Фиданды әлеуметтік желідегі аккаунтынан құттықтады.

Кулеба хабарламасында «Біз екі дос ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға және бірлесіп жұмыс істеуге үміттенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар