Чавушоғлу шетелдік әріптестерімен сөйлесті
Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастар да талқыланды.
ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иран Сыртқы істер министрі Хүсейін Эмир Абдуллахиянмен телефон арқылы сөйлесті.
Министрліктен берілген мәліметке қарағанда Абдуллахиян әріптесі Чавушоғлумен әңгімесінде президент Режеп Тайып Ердоғанның қайта сайлануы және парламенттік сайлаудағы табысына байланысты құттықтауын жеткізді.
Телефонда Мевлүт Чавушоғлу мен Абдуллахиян екіжақты қарым-қатынастарды да талқылады.
Чавушоғлу Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрі шейх Абдуллах бен Заид Әл Нахаянмен де телефон арқылы сөйлесті.
Министр шейх Абдуллах да президент Ердоғанның қайта сайлануы және парламенттік сайлауда қол жеткізген табысына орай құттықтауын жеткізді.
Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастар да талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.