Ердоған мен Путин таяуда кездеседі
Дмитрий Песков Президент Ердоған мен Президент Путиннің кездесуді жоспарлағанын мәлімдеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путиннің бетпе-бет кездесуді жоспарлағанын мәлімдеді.
Дмитрий Песков ел астанасы Мәскеуде журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Песков журналисттің бір сұрағына орай Ердоған мен Путиннің таяуда бетпе-бет кездесуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
«Путин сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін Ердоғанға телефон шалды. Телефондағы әңгіме барысында екі лидер болашақта екіжақты кездесу өткізуге ниетті екендіктерін растады» деген Песков кездесудің уақыты мен орнының алдымыздағы күнде белгілейтіндерін баяндады.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.