Түркия Косоводағы зорлық-зомбылықтан аулақ болуға шақырады

ТР Сыртқы істер министрлігі Косовоның солтүстігіндегі оқиғаларға алаңдаушылық білдірді.

1992757
Түркия Косоводағы зорлық-зомбылықтан аулақ болуға шақырады

Түркия Косовоның солтүстігіндегі оқиғалардың барлық тараптарын зорлық-зомбылықтан аулақ болуға және шиеленісті өршітетін әрекеттерге бармауға шақырды.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Косовоның солтүстігіндегі оқиғалардың алаңдаушылықпен қадағаланғаны және аталған оқиғалардың аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа зиянын тигізгені атап көрсетілді.

Тараптардың барлығын зорлық-зомбылықтан аулақ болуға және шиеленісті өршітетін әрекеттерге бармауға шақыру жасалған мәлімдемеде «Біз Косовоның бітімгершілік күштерінің (KFOR) оқиғалардың өршуіне жол бермеудегі сындарлы рөлін жоғары бағалаймыз. өкінішке орай оқиғаларда кейбір KFOR сарбаздарының жеңіл жарақат алғанын үйрендік» делінді.

Мәлімдемеде аймақта шиеленісті азайтудың, бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатудың жалғыз жолы жалғасып жатқан келіссөз процесінде ілгерілеуді қамтамасыз ету екені баса айтылды.

Косовоның солтүстігіндегі сербтер албандардың жаңа мэрлерінің қызметіне кірісуіне жол бермеуге тырысты.

Мэрлерді танымайтын сербтердің Звечан, Зубин Поток пен Лепосавичтегі наразылық шерулері қақтығысқа ұласқан еді.

Косово полициясы қалалық әкімдікке кіргісі келген шерушілерге көз жасаурататын газ қолданған, оқиғада ондаған адам жарақат алған болатын.

Шерушілер НАТО-ға қарасты KFOR сарбаздары мен полицияға шабуыл жасап, 25-ке жуық НАТО бейбітшілік күші әскері жарақат алды.

Сербия 2008 жылы біржақты тәуелсіздігін жариялаған Косовоны өз территориясы деп қабылдайды.

Еуроодақ бітімгерлігімен 2011 жылы екі елдің басталған Белград-Приштина келіссөз процесі аясында қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру және ақырында Сербия мен Косовоның бір-бірін тану үшін ортақ шешім қарастырылуда.



Ұқсас жаңалықтар